24.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Мохаммед Салах АПЛ тарихында жаңа рекордтар орнатты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Ливерпуль» шабуылшысы Мохаммед Салах Англия Премьер-лигасының (АПЛ) тарихында бірден бірнеше рекордты жаңартты. Египеттік футболшының бүгінгі жетістіктері:

  • АПЛ тарихындағы алғашқы ойыншы, екі түрлі маусымда 40+ (гол+ассист) нәтижеге қол жеткізген.
  • Лионель Мессидің бір маусымда 11 матчта гол және ассист жасаған көрсеткішін қайталады (Еуропаның топ-5 лигасында).
  • «Ливерпуль» тарихында бір маусымда ең көп ассист берген ойыншы атанды (16 ассист).
  • АПЛ тарихында алғаш рет бір маусымда екі рет чемпион командаға қарсы гол+ассист жасаған ойыншы.
  • 25+ гол және 15+ ассист көрсеткішіне қол жеткізген АПЛ тарихындағы алғашқы футболшы.
  • Пеп Гвардиола жаттықтырған командаларға қарсы ең көп гол (9) және ассист (6) жасаған ойыншы.

Бұл көрсеткіштер Салахтың Англия чемпионатындағы ең үздік ойыншылардың бірі екенін тағы да дәлелдейді.

Ақпарат көзі: Реальный Футбол LIVE.