Оқу уақыты: 1 мин

Мохамед Салах Премьер-лиганың үздік ойыншысы атанды

Мохамед Салах Премьер-лиганың үздік ойыншысы атанды

«Ливерпуль» шабуылшысы Мохамед Салах ағылшын Премьер-лигасының маусым үздігі атанды — бұл туралы АПЛ баспасөз қызметі хабарлады.

Мысырлық шабуылшы бұл атақты екінші рет иеленді — алдыңғы жеңісі 2017-18 маусымында болған. Марапат үшін күресте Салах мықты үміткерлер тізімін басып озды:

  • Вирджил ван Дейк («Ливерпуль»)
  • Райан Гравенберх («Ливерпуль»)
  • Морган Гиббс-Уайт («Арсенал»)
  • Деклан Райс («Арсенал»)
  • Александер Исак («Ньюкасл»)
  • Брайан Мбемо («Брентфорд»)
  • Крис Вуд («Ноттингем Форест»)

«Кристал Пэлас» қарсы соңғы турға дейін Салахтың еншісінде чемпионатта 28 гол мен 18 нәтижелі пас бар. Мысырлық ойыншы сонымен қатар Премьер-лигадағы легионерлер арасында рекорд орнатып, Серхио Агуэроның 184 гол соғу жетістігін басып озды.

Осы айда Салах «Ливерпульмен» келісімшартын 2027 жылға дейін ұзартып, Футбол журналистері қауымдастығының нұсқасы бойынша жылдың үздік футболшысы атанды, дауыстың 90 пайызынан астамын жинады.