28.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Мохамед Салах футбол мансабын қашан аяқтайтынын айтты

Мохамед Салах футбол мансабын қашан аяқтайтынын айтты

«Ливерпуль» шабуылшысы Мохамед Салах кәсіби мансабын қашан аяқтайтыны туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sport12.kz

«Мен 39 немесе 40 жасқа дейін ойнай аламын деп ойлаймын. Бірақ егер өзімді дайын емес сезінсем, ерте кетемін. Мен көп нәрсеге қол жеткіздім.

«Ливерпульмен» келісімшартым аяқталуға жақын еді. Біз ортақ мәмілеге келдік. Сауд Арабиясы чемпионатына ауысуға өте жақын болдым», — деді Салах египеттік ON Sports телеарнасына берген сұхбатында.

2024/2025 жылғы маусым қорытындысы бойынша, Салах «Ливерпульмен» бірге екінші рет Англия чемпионы атанды. Өткен маусымда ол 52 матчта 34 гол соғып, 23 нәтижелі пас берді.