Оқу уақыты: 1 мин

Мохамед Салах 2024/25 маусымында АПЛ-дің үздік ойыншысы атанды

Мохамед Салах 2024/25 маусымында АПЛ-дің үздік ойыншысы атанды

«Ливерпуль» шабуылшысы Мохамед Салах 2024/25 маусымында ағылшын Премьер-лигасының үздік футболшысы атанды.

Мысырлық шабуылшы тамаша нәтиже көрсетті — ол турнирдің барлық 38 ойынына қатысып, 29 гол соғып, 18 голдық пас берді.

Чемпионаттың үздік бомбардирлер тізімінде Салах өзіне ең жақын қарсыласы — «Ньюкасл» шабуылшысы Александер Исактан (23 гол) озып кетті. Үздік үштікті «Манчестер Ситидің» шабуылшысы Эрлинг Холанд 22 голмен түйіндеді.

Салах құрамындағы «Ливерпуль» екінші орын алған «Арсенал» мен үшінші орынға тұрақтаған «Манчестер Ситиді» басып озып, чемпиондық атаққа ие болды.