05.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Модричтің жаңа клубындағы жалақысы белгілі болды

Модричтің жаңа клубындағы жалақысы белгілі болды

«Реал» футбол клубы мен Хорватия құрамасының жартылай қорғаушысы Лука Модрич италиялық «Миланға» ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Sport12.kz.

La Gazzetta dello Sport басылымының мәліметінше, егер трансфер жүзеге асса 39 жастағы жартылай қорғаушының миландық ұжымдағы жалақысы 3–3,5 миллион еуроны құрайды.

Осыған дейін БАҚ көздерінде Модричтің «Миланға» ауысатыны жайлы қауесет тараған еді.

Еске салсақ, Лука Модрич осы жазда «Реалдан» кететінін мәлімдеді. Ол мансабының 13 жылын мадридтік клубқа арнады. Осы аралықта 591 матч өткізіп, 43 гол соғып, 95 ассист жасады. Сондай-ақ, Лука командамен бірге 28 түрлі трофейді жеңіп алды.