Оқу уақыты: 1 мин

Модрич пен Васкес келісімшарттарын қысқа мерзімге ұзартпақ

Модрич пен Васкес келісімшарттарын қысқа мерзімге ұзартпақ

«Реал Мадридтің» тәжірибелі ойыншылары — 39 жастағы жартылай қорғаушы Лука Модрич пен 33 жастағы қорғаушы Лукас Васкес клубпен келісімшарттарын қысқа мерзімге ұзартатын болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қос футболшының қазіргі келісімшарттары 30 маусымда аяқталады. Алайда AS басылымының мәліметінше, келісімшарт 15 шілдеге дейін, яғни клубтар арасындағы әлем чемпионатының соңына дейін созылмақ.

Маусым аяқталған соң Модрич пен Васкес клуб басшылығымен кездесіп, келісімді тағы екі аптаға ұзарту мүмкіндігін талқыламақ. Алайда бұл шешім бір маусымға ұзартуға кепіл болмайды.

Екі ойыншының болашағы белгісіз күйінде қалып отыр. Әсіресе Лукас Васкеске жаңа келісімшарт алу қиындай түсуі мүмкін, себебі клуб оның орнына Трент Александер-Арнольдты қатарға қосуды көздеуде.

Бұл уақытша шешім екеуіне де маусым аяқталған соң командаға көмектесуге мүмкіндік береді, алайда «Реал» құрамындағы ұзақмерзімді келешектері әлі нақты емес.