06.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Мирра Андреева Уимблдондағы өз ойынында Райан Гослингті көргісі келеді

Мирра Андреева Уимблдондағы өз ойынында Райан Гослингті көргісі келеді

Ресейлік теннисші Мирра Андреева tennis.com-ға Уимблдондағы өз ойындарында қандай танымал тұлғаларды көргісі келетінін айтты.

Теннисшілерден таңдайтын болсам, Роджер [Федерер] немесе Энди [Маррейді] көргім келеді. Бұл мен үшін үлкен құрмет болар еді

Спортшы әзірге аталмыш турнирдің Орталық кортында ойнамаған — болашақта мұндай мүмкіндік алуға үміттенеді.

Мен Райан Гослингті өте жақсы көремін. Егер ол бір күні Лондонда болса, оны өз ойынымда көргім келеді

Теннисші сондай-ақ турнирде күресші Джон Сина мен әнші Оливия Родриго көрінгенін атап өтті — ол өз ойындары кезінде трибунада кез келген атақты адамдарды көруге қуанышты болатынын жеткізді.