18.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Мирра Андреева Индиан-Уэллсте жеңіске жетіп, мансабы туралы пікір білдірді

«Sport.ru» хабарлауынша, әлемнің алтыншы ракеткасы, Ресей әйелдер теннисінің көшбасшысы Мирра Андреева Индиан-Уэллстегі «WTA-1000» турнирінде жеңіске жетіп, Ресейден Францияға көшуі жайлы айтты.

Бұл турнирде Андреева керемет ойын көрсетті. Ол 1/8 финалда қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаны 6:1, 6:2 есебімен жеңді. Ал финалда әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкодан 2:6, 6:4, 6:3 есебімен басым түсті.

 «Ата-анам менің мансабым үшін көп нәрсе жасады, бірақ өзім көп нәрседен бас тарттым деп айта алмаймын. Мен күн сайын еңбек етемін, барлық тенисшілер сияқты жақсырақ болуға тырысамын. Бұл оңай емес, бірақ ешкім оңай болады деп айтқан жоқ. Ата-анама үлкен рақмет айтқым келеді. Олар мен теннис ойнай бастағанда көп нәрсе жасады. Бастапқыда ата-ананың қолдауы мен сенімі өте маңызды», — деді Андреева.