30.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Минск Динамосы Беларусь чемпионатында Брест клубын ойсырата жеңді

Минск Динамосы Беларусь чемпионатында Брест клубын ойсырата жеңді

Беларусь чемпионатының 14-ші тур матчында Минск «Динамосы» Брест «Динамосын» тас-талқан етті — кездесу 5:0 есебімен аяқталды.

Матчтың басты кейіпкері Карэн Варданян хет-трик жасады. Минск шабуылшысы 15-ші, 59-шы және 80-ші минуттарда гол соқты. Жеңімпаздар құрамында қалған голдарды 73-ші минутта Евгений Малашевич пен 78-ші минутта пенальтиден Алексей Гаврилович соқты.

Қазақстан құрамасының экс-жартылай қорғаушысы Владислав Васильев Брест командасының сапында толық 90 минут ойнады.

Осы жеңістен кейін Минск «Динамосы» 29 ұпаймен турнир кестесінде екінші орынға көтерілді, ал Брест клубы 24 ұпаймен жетінші орында тұр.