27.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Милич Чурчич: «Соңғы ойындарға көңілім толмайды»

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Милич Чурчич: «Соңғы ойындарға көңілім толмайды»

«Қызылжар» клубының бас бапкері Милич Чурчич ҚПЛ-дың 18-турында «Қайсардан» 0:1 есебімен жеңілгеннен кейін матч жайлы пікір білдіріп, өз командасын сынға алды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Күткендей, біз үшін өте ауыр ойын болды. Бұрын да айтқанмын – бізде проблемалар бар. Бірақ мен ойыншыларға нақты айттым: алаң – бір бөлек, ал қалған барлық мәселе – алаң сыртында қалуы керек. Біреулер риза, біреулер риза емес – оны кейін талдаймыз.

Ойын жағынан екі жақта да мүмкіндіктер болды, қызықты матч өтті. Дегенмен, «Қайсар» жеңіске жетті. Біз өз сәттерімізді пайдалана алмадық. Соңғы уақытта гол соғу жағынан қиындықтар бар. Кейбір ойыншылар жарақат алған… Бірақ тағы да айтамын: барлық мәселе алаңнан тыс қалуы керек. Алаңға шыққан әр футболшы 100 пайыз ойнауы тиіс.

Өкінішке қарай, соңғы ойындарға көңілім толмайды. Қазір бізде трансферлік тыйым бар – құрамды күшейте алмаймыз. Бірақ қандай жағдай болмасын, бәрі бар күшін салып ойнауы тиіс. Егер барын салмаса, нәтиже де соған сай болады, – деді Чурчич.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!