29.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Миланның жаңа ойыншысы жаттығуда ауыр жарақат алды

Миланның жаңа ойыншысы жаттығуда ауыр жарақат алды

La Gazzetta dello Sport хабарлауынша, «Миланның» жартылай қорғаушысы Ардон Яшари жаттығу кезінде ауыр жарақат алды.

Осы жазда «Брюггеден» 39 миллион еуроға ауысқан швейцариялық ойыншы шабуылшы Сантьяго Хименеспен соқтығысып, 23 жастағы футболшының оң жақ сирақ сүйегі сынып қалды.

Яшаридің емделуіне кем дегенде екі ай қажет — оның алаңға қарашаға қарай оралуы күтілуде. Жартылай қорғаушы «Милан» сапында екі ойында алмастырудан шығып үлгерген еді.