24.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Миландық дербиде бір гол ғана соғылды

Миландық дербиде бір гол ғана соғылды

Италия А сериясының 12-ші турының «Интер» мен «Милан» арасындағы ойыны аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Россонерилер» бұл ойында 1:0 есебімен жеңіске жетті. Ойын Миландағы «Сан-Сиро» (Джузеппе Меацца) стадионында өтті. Ойынның төрешісі Симоне Соцца болды.

54-минутта Кристиан Пулишич есеп ашып, «Миланға» жеңіс сыйлады. 74-минутта «Интердің» ойыншысы Хакан Чалханоглу пенальтиді орындай алмады.

Осы ойыннан кейін «Интер» Италияның жоғары дивизионында 24 ұпаймен төртінші орында, ал «Милан» 25 ұпаймен екінші орында тұр.