31.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Милан» жолдастық ойында жауапсыз 9 гол соқты

«Милан» жолдастық ойында жауапсыз 9 гол соқты

Италияның «Милан» клубы Аустралияда «Перт Глори» командасына қарсы жолдастық кездесу өткізіп, 9:0 есебімен айқын жеңіске жетті, деп хабарлайды  Prosports.kz.

Ойын Перт қаласындағы «Перт Ректангулар» стадионында өтті. Қонақтар сапынан Терраччано, Окафор (2 гол), Комотто (пенальтиден), Чуквезе, Леау (2 гол), Риччи мен Муса мергендігімен көзге түсті.

Айта кетейік, «Перт Глори» 2024/2025 жылғы маусымда Аустралия чемпионатының турнир кестесінде соңғы орынға тұрақтады. Ал «Милан» Италия біріншілігін сегізінші болып аяқтаған. Серия А чемпионы – «Наполи».