09.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Милан» жартылай қорғаушысы Рейндерс «Манчестер Ситиде» медициналық тексеруден өтті

«Милан» жартылай қорғаушысы Рейндерс «Манчестер Ситиде» медициналық тексеруден өтті

Фабрицио Романо журналисінің мәліметінше, «Миланның» жартылай қорғаушысы Тейани Рейндерс «Манчестер Ситиге» ауысу алдында медициналық тексеруден сәтті өтті.

Ағылшын клубы нидерландтық футболшыны сатып алуға ниетті — трансфер сомасы бонустық төлемдермен 70 миллион еуроға жетеді.

Аяқталған Серия А маусымында Рейндерс нәтижелі ойыншы ретінде көзге түсті — оның еншісінде чемпионаттың 37 ойынында 10 гол мен 4 гол пасы бар.