09.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Милан» «Монаконың» қорғаушысы Сингоны нысанаға алды

«Милан» «Монаконың» қорғаушысы Сингоны нысанаға алды

Football-Italia мәліметінше, «Милан» «Монаконың» қорғаушысы Вилфрид Сингоға қызығушылық танытуда — италиялық клуб 24 жастағы футболшы үшін 15 миллион еуро және бонустар төлеуге дайын.

Француз клубы ивуариялық ойыншы үшін 20-25 миллион еуро аралығындағы соманы алуды көздеп отыр. Милан клубының шеткі қорғаушы позициясына балама нұсқалары бар:

  • «Страсбургтан» Гела Дуэ
  • «Генттен» Арчи Браун
  • «Арсеналдан» Александр Зинченко

Өткен маусымда Синго Франция чемпионатының 27 матчына қатысты — қорғаушы бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді, әр ойында орташа есеппен 77 минут алаңда болды.