Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

«Милан» «Интерді» ойсырата жеңді

Айнат Қабидулла
Айнат Қабидулла Тілші
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Милан» Италия Кубогының жартылай финалының қарымта матчында «Интерді» ойсырата жеңді. Ойын 23 сәуірден 24 сәуірге қараған түні «Джузеппе Меацца» стадионында өтті.
Серб шабуылшысы Лука Йович екі гол соқса, тағы бір голды Тиджани Рейндерс өз еншісіне жазды.

Осылайша, «Милан» 2024/25 жылғы маусымдағы Италия Кубогының алғашқы финалисі атанды. Финалда Сержиу Консейсау жаттықтыратын команда «Болонья» мен «Эмполи» арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.

Айта кетейік, «Милан» соңғы рет Италия Кубогын 2003 жылы жеңіп алған.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!