16.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Милан» басшылығы маусым нәтижелерін сәтсіз деп бағалады

«Милан» басшылығы маусым нәтижелерін сәтсіз деп бағалады

«Милан» клубының бас директоры Джорджо Фурлани Milan News басылымына берген сұхбатында команда маусымының нәтижелері көңіл көншітпейтінін мәлімдеді.

— Маусымның сәтсіз өткенін жоққа шығару қиын. Иә, Суперкубокты жеңдік, бірақ біз өзімізге қойған мақсаттардан алшақпыз. Жанкүйерлердің көңілі қалғанын түсінеміз. Қателіктер болды, оларды түзетуіміз керек. Бізді менеджерлер де, жанкүйерлер де жоғары деңгейде көргісі келеді, — деді Фурлани.

Айта кетейік, «Милан» Италия Кубогын соңғы рет 2003 жылы жеңіп алған. Содан бері команда финалда үш рет жеңіліске ұшырап, трофейді ала алмай келеді.