Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Милад Карими алтыннан алқа тағынды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстандық гимнасшы Милад Карими Дохада өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінде кермеде секіру жаттығуында топ жарып, алтын медаль жеңіп алды. Ол 14.500 ұпаймен барлық қарсыласынан озық шықты.

Жарыстың қорытындысы:

  1.  Милад Карими (Қазақстан) — 14.500
  2.  Чиа Хун Тан (Тайвань) — 14.400
  3. Ци Тан (Қытай) — 14.000

Айта кетейік, кеше Милад еркін жаттығуда да қарсылас шақ келтірмей, тағы бір алтын медаль олжалаған еді. Осылайша, ол Дохадағы кезеңде екі бірдей алтын медаль иеленіп, Қазақстан гимнастикасының мерейін асырды.