Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Милад Карими әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Мысырдың астанасы Каирде өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем кубогының кезеңінде Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Милад Карими алтын медаль жеңіп алды.

Еркін жаттығу бағдарламасының финалында Карими 14.133 ұпай жинап, бірінші орынға ие болды. Болгариялық Эдди Пенев 13.966 ұпаймен күміс жүлдегер атанса, украиналық Назар Чепурный 13.866 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.