30.04.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Микель Артета: ойын ырғағымызды таба алмадық

Микель Артета: ойын ырғағымызды таба алмадық

Лондондық «Арсеналдың» бас бапкері Микель Артета 2024/2025 маусымындағы Чемпиондар лигасының жартылай финалының алғашқы матчы бойынша пікірін білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz

Өз алаңында Париждің «ПСЖ» командасынан 0:1 есебімен жеңілген «канонирлердің» жаттықтырушысы ойынға қатысты былай деді:

– Бұл кездесуге біз көп күш салдық. Матчтың алғашқы 10–15 минутында өз ырғағымызды табу және ойынға толықтай бақылау орнату бізге оңай болмады. Көп жағдайда қарсыластан допты тартып алуда қиналдық. Бұл жағдай біздің команда үшін қиындықтар тудырды. Алайда бір ғана сәттен басқа аса маңызды көрініс болмады. Дәл осы бір шабуыл – Чемпиондар лигасының деңгейін көрсетіп тұр. Сол голдан кейін біз біртіндеп сенімді ойнай бастадық. Тек тең есепке қол жеткізе алмағанымыз өкінішті, – деді Артета BBC арнасына берген сұхбатында.

Сондай-ақ Артета екі мықты команданың тартысты кездесу өткізгенін атап өтті:

– Бүгін екі жоғары деңгейлі ұжымның ойыны өтті. Жеңісті ұсақ-түйек сәттер шешті. Қарсыластар шабуылда өте тиімді ойнады. Әсіресе олардың қақпашысы Джанлуиджи Доннарумманың шеберлігін ерекше атап өткім келеді.

Айта кетейік, қарымта матч 7 мамыр күні Франция астанасы – Парижде өтеді.