30.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Михай Кэпэцына — «Ордабасы» ойыншысы

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Михай Кэпэцына — «Ордабасы» ойыншысы

Шымкенттік «Ордабасы» клубы 29 жастағы румыниялық жартылай қорғаушы Михай Кэпэцынаның командаға қосылғанын ресми түрде хабарлады.

Футболшы бұған дейін тек Румыния клубтарында өнер көрсеткен. Атап айтқанда, ол «Волунтари», «Университат» және «FC Olt Slatina» командаларында доп тепкен.