16.04.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Михаил Шайдоровке халықаралық жетістігі үшін пәтер мен ақшалай сыйлық табысталды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Михаил Шайдоровке халықаралық жетістігі үшін пәтер мен ақшалай сыйлық табысталды

Бостонда өткен мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алған Михаил Шайдоровке құрмет көрсетілді. Спортшыға Алматы қаласы әкімдігі мен демеушілер атынан 2 бөлмелі пәтердің кілті мен 2,5 миллион теңге көлеміндегі ақшалай сертификат табысталды.

Бұл марапат — Шайдоровтің Қазақстан спортына қосқан үлесі мен халықаралық ареналардағы табысты өнері үшін берілген құрмет.