19.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Михаил Шайдоров: Денис Теннің арманын жалғастыру – мен үшін үлкен құрмет

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Бес дүркін Қазақстан чемпионы, мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров өзін Денис Тенмен жиі салыстыруға қатысты пікір білдірді.

Оның айтуынша, екі спортшының айырмашылығы айқын, бірақ оларды ортақ мақсат – Қазақстандағы мәнерлеп сырғанауды дамыту біріктіреді.

«Мен Дениспен салыстырылғанда, екеуміздің мүлде бөлек жандар екенімізді түсінемін. Дегенмен, бізді байланыстыратын ең басты нәрсе – еліміздегі мәнерлеп сырғанауды одан әрі дамытуға деген ұмтылыс. Оңтүстік Корея мен Қытайдың көптеген журналистері маған Денистің әрдайым өзінен кейін Қазақстанды лайықты деңгейде таныстыратын жаңа спортшылардың шыққанын қалайтынын айтқан. Бүгінде көрсетіп жатқан өнеріммен ол мақтанар еді деп үміттенемін», – деді Шайдоров Steppe басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Денис Тен 2014 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанған.