22.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Михаил Шайдаров төрт құрлық чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдаров Сеулде (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан Төрт құрлық чемпионатында (Four Continents Championships) алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Tengri Sport. Байрақты бәсеке 19-23 ақпан аралығында өтуде.

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, жарысқа 15 елден 95 спортшы қатысты. Шайдаров 24 спортшының ішінен үздік шығып, бірінші орынды иеленді.

Бұл жетістік – Қазақстандағы ерлер арасындағы мәнерлеп сырғанаудың ең ірі жеңістерінің бірі. Бұған дейін бұл спорт түрінде ел намысын қорғап, биік белестерді бағындырған Денис Теннің жетістіктері ерекше аталған еді.