09.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Михаил Шайдоров 2026 жылғы Олимпиадаға арналған жаңа бағдарламасының егжей-тегжейін ашты

Михаил Шайдоров 2026 жылғы Олимпиадаға арналған жаңа бағдарламасының егжей-тегжейін ашты

Қазақстан мәнерлеп сырғанау құрамасының көшбасшысы, Бостондағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Михаил Шайдоров Алматыда ашық жаттығу өткізді, деп хабарлайды Kazinform.

Мәнерлеп сырғанаушы мамыр айынан бері Астанада жұмыс істеп жатқан жаңа жарыс бағдарламасын ұсынды — қысқа бағдарлама рок-н-ролл стилінде орындалады, ал еркін бағдарлама Димаш Құдайбергеннің әндері мен «Бесінші элемент» фильмінің саундтрегіне қойылған.

«Мен үшін ең маңыздысы — Олимпиада ойындарына қатысудың өзі. Мен бала кезімнен 2002, 2006 жылдардағы және кейінгі барлық Олимпиадаларды қайта көріп шықтым. Тіпті қатысудың өзі — үлкен жетістік», — деді Шайдоров.

«Әр медальдің өз құны бар — ол әлем чемпионаты болсын немесе Қазақстан чемпионаты болсын. Ол әрдайым өзіңді және өз қорқыныштарыңды жеңуді талап етеді», — деп атап өтті спортшы.