Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Михаил Рахманов әлем чемпионатына қатыспайды — орнына Денис Чапоров шақыртылды

«Головой Об Лед» телеграм-арнасының мәліметінше, астаналық «Барыс» клубының шабуылшысы Михаил Рахманов алдағы хоккейден әлем чемпионатына Қазақстан ұлттық құрамасының кеңейтілген тізіміне енбеді.

Төрт дүркін әлем чемпионатының қатысушысы саналатын тәжірибелі хоккейшінің орнына Қарағандының «Арлан» командасының шабуылшысы Денис Чапоров шақырту алды.

2024 жылғы әлем чемпионаты 9–25 мамыр аралығында Швецияның Стокгольм және Данияның Хернинг қалаларында өтеді. Қазақстан құрамасы B тобында өнер көрсетеді, қарсыластары:

  • Швейцария
  • Чехия
  • Дания
  • Норвегия
  • АҚШ
  • Германия
  • Венгрия

Құраманың нақты тізімі алдағы апталарда бекітіледі.