Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Михаил Мамиашвилидің марапаттау сәтіндегі әрекеті жанжал туғызды

Братиславада өткен еркін күрестен Еуропа чемпионатында Ресей спорттық күрес федерациясының президенті Михаил Мамиашвилидің қатысуымен оқыс оқиға тіркелді. Жанжал 74 келі салмақтағы марапаттау рәсімі кезінде болды — бұл салмақта Албания атынан сынға түскен Чермен Валиев Ресейлік олимпиада чемпионы Заурбек Сидаковты жеңіп, алтын медаль еншіледі.

Марапаттау сәтінде Михаил Мамиашвили жеңімпаз Валиевтің мойнына медальді қатты тағып, қолын ерекше қатты қысқан. Валиев мұндай әрекетке қарсылық білдірген. «Еркін күрес» телеграм-арнасының хабарлауынша, Мамиашвили спортшыны «отанына опасыздық жасады» деп айыптаған.

Алайда федерация басшысы бұл жағдайды өзгеше сипаттады. ТАСС агенттігіне берген пікірінде ол: «Мен жай ғана спортшыны қызу құттықтап, медаль тағып, қолын алдым — бәрі осымен аяқталды», — деп мәлімдеді.

Чермен Валиев Ресейден Албания құрамасына ауысқан болатын. Оның бұл шешімі Ресей спорт қоғамдастығында біраз дау туғызған еді.