24.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Михаил Кукушкин Уимблдон турнирін жеңіспен бастады

Михаил Кукушкин Уимблдон турнирін жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Уимблдон турнирінің іріктеу кезеңін жеңіспен бастады, хабарлайды Prosports.kz.

Кукушкин сенсация жасап, бразилиялық Тьяго Уайлдты 4:6, 6:4, 6:3 есебімен жеңді.

Кездесу 2 сағат 11 минутқа созылды.

Келесі айналымда Михаил АТР рейтингінде 195-орында тұрған даниялық Аугуст Хольмгренмен кездеседі.