30.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Михаил Кукушкин Портудағы турнирде Олимпиада жүлдегерін жеңді

Михаил Кукушкин Портудағы турнирде Олимпиада жүлдегерін жеңді

Қазақстан намысын қорғайтын Михаил Кукушкин Портудағы теннис турнирін сәтті бастады — алғашқы матчта ол ресейлік Аслан Карацевті жеңді.

ATP рейтингінде 195-орында тұрған қазақстандық теннисші әлемдік рейтингтің 247-нөмірін жеңді — кездесу 7:6, 6:4 есебімен аяқталып, 1 сағат 46 минутқа созылды.

Айта кетейік, Аслан Карацевтің Токио Олимпиадасында микстен күміс медалі бар және бұрын әлемдік рейтингтің үздік 15-тігіне кірген.

Келесі кезеңде Кукушкин ATP рейтингінде 232-орында тұрған швециялық теннисші Элиас Имермен кездеседі. Портудағы турнирдің жалпы жүлде қоры 145 250 еуро болса, жеңімпаз 20 630 еуро және 100 рейтингтік ұпай алады.