10.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Михаил Кукушкин Франциядағы жарысты сәтті бастады

Михаил Кукушкин Франциядағы жарысты сәтті бастады

Лионда өтіп жатқан «Челленджер» турниріне қазақстандық танымал теннисші Михаил Кукушкин қатысып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жерлесіміз Лиондағы жарыста іріктеудің жартылай финалда әлемнің 207-ші ракеткасы бельгиялық Арно Жиль Байуды жеңді.

Матч 6-1, 6-3 есебімен қазақстандықтың пайдасына аяқталды.

Іріктеу финалында ресейлік Марат Шариповпен кездеседі.