07.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Михаил Кукушкин АҚШ-тағы турнирде сәтсіз өнер көрсетті

Михаил Кукушкин АҚШ-тағы турнирде сәтсіз өнер көрсетті

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин (ATP рейтингінде 195-орын) Цинциннатиде (АҚШ) өтіп жатқан «Мастерс» турнирінің басында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Іріктеудің жартылай финалында Кукушкин америкалық теннисші Эмилио Навамен (114-орын) кездесіп, одан екі сетте 5:7, 2:6 есебімен жеңіліп қалды.

Кездесу 1 сағат 36 минутқа созылды.

Осылайша, Михаил негізгі кезеңге шығу мүмкіндігінен айырылып, бұл турнирдегі өнерін мерзімінен бұрын аяқтады.

Цинциннатидегі турнирдің жүлде қоры 9 191 540 доллар. Жеңімпаз 1 124 380 доллар алады, сонымен қатар 1000 рейтингтік ұпайға ие болады.