Оқу уақыты: 1 мин

Михаил Кукушкин Франциядағы турнирде қарсыласын камбэкпен ұтты

979534784c5a361f34560c3a87fd87cf XcmMiKoNK8FE63xir55D9elfVP3M7WDxp6pAFo9T.webp

Қазақстандық теннисші, әлемнің 110-ракеткасы Михаил Кукушкин Кемпер (Франция) челленджер турнирінің 1/8 финалына шықты.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 129-орында тұрған словакиялық Йозеф Коваликке қарсы келді.

Словакиялық спортшы матчты сәтті бастады – 7:6 (7:3).

Дегенмен бұдан кейін Кукушкин камбэк жасап, таразы басын аудара білді – 6:3, 6:4.

Екі сағат 18 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Кукушкин 9 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың тең жартысын құр жіберген жоқ. Ковалик 9 эйс жасағанымен, 6 брейк-пойнттың бірде-біреуін пайдалана алмады.

Михаил Кукушкин ширек финалға шығу үшін әлемнің 183-ракеткасы, франциялық Титуан Дрогемен таласады.