04.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Михаил Кравец: Ұлттық құрамамен бірге жұмыс істемеймін, бірақ қажет болса дайынмын

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Михаил Кравец: Ұлттық құрамамен бірге жұмыс істемеймін, бірақ қажет болса дайынмын

«Барыс» хоккей клубының жаңа бас бапкері Михаил Кравец Қазақстан құрамасын қатар баптау мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sport Pulse.

Маманның айтуынша, қазір ол мұндай қос қызметті қатар атқармайды:

«Мен тамыз айында „Барысқа“ келдім. Ұлттық құрамамен бірге жұмыс істемеймін. Бірақ егер мұндай қажеттілік туындаса, әрқашан дайынмын».

Айта кетейік, 4 қыркүйекте өткен баспасөз жиынында «Барыс» клубының жаңа маусымдағы міндеттері жарияланды. Команда басты мақсат ретінде — КХЛ-дың плей-офф кезеңіне шығуды және жоғары нәтиже үшін күресуді белгілеп отыр.