22.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Михаил Кравец «Барыс» хоккей клубының бас бапкері болды

Михаил Кравец «Барыс» хоккей клубының бас бапкері болды

Хоккей шолушысы Алексей Шевченконың мәліметі бойынша, Михаил Кравец астаналық «Барыстың» жаңа бас бапкері болып тағайындалды.

Ресейлік маман бұған дейін «Куньлуньді» басқарған — оның жетекшілігімен қытай клубы жақсы нәтиже көрсетіп, КХЛ-дің Батыс конференциясында тоғызыншы орынды иеленді.

Ғалым Мамбеталиевтің басшылығымен «Барыс» өткен КХЛ маусымында Шығыс конференциясының соңғы орнына түсті — команда 68 ойында 54 рет жеңіліс тауып, небәрі 35 ұпай жинады.

«Михаил Кравец — Барыстың бапкері», — деп хабарлады Шевченко өзінің телеграм-арнасында.