25.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Мхитарян Интерде мансабын аяқтау жоспарын айтты

Мхитарян Интерде мансабын аяқтау жоспарын айтты

Милан «Интерінің» жартылай қорғаушысы Генрих Мхитарян болашаққа қатысты жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды La Repubblica.

Үш турнирге қатысып, қауырт маусым өткізіп жатқан армениялық футболшы италиялық клубта келісімшарт мерзімі аяқталғанша қалғысы келетінін жеткізді.

«Менің «Интермен» әлі бір жылдық келісімшартым бар және мені қуып шықпаса, осында қаламын. Мен мансабымды тым ерте аяқтадым деген өкінішпен кеткім келмейді. «Интерден» кейін тоқтаймын», — деді Мхитарян.

36 жастағы жартылай қорғаушы Сауд Арабиясы мен туған елі Арменияны қоса басқа чемпионаттарда мансабын жалғастыру нұсқаларын қарастырмайтынын атап өтті.

«Мен футболды ақша үшін емес жақсы көремін. Оянған сайын жаттығып, өз құнымды көрсеткім келеді», — деп атап өтті футболшы.