19.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Мэйвезер қазіргі заманның үздік боксшысын атады

Америкалық аңызға айналған боксшы Флойд Мэйвезер pound-for-pound үздік боксшысы туралы маңызды мәлімдеме жасады.

Мен Теренс Кроуфордты қазіргі таңда салмақ санатына қарамастан заманымыздың үздік боксшысы деп санаймын. Оның осындай жағдайда болғанын көру қуантады… Теренс Кроуфорд осындай керемет болып қала бер

Бірінші-орта салмақтағы қазіргі WBA чемпионы Теренс Кроуфорд — «Brian Mazique» Youtube-арнасына берген сұхбатында бокс аңызының жоғары бағасына ие болды.

Биылғы жылы Кроуфордтың мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альвареспен рингте кездесуі күтілуде. Бұл маусымның ең қызықты жекпе-жектерінің бірі болмақ.