05.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Мейірбек Нұғұспанов: «Плей-офқа өту үшін екі команданы жеңу керек»

Досымжан Науханов
Досымжан Науханов
5.0 Рейтинг
21 Комментарии
Мейірбек Нұғұспанов: «Плей-офқа өту үшін екі команданы жеңу керек»

5-ші ақпанда Талдықорғанда волейболдан әйелдер арасындағы Ұлттық лиганың 2024/25 маусымының соңғы 4-ші тур ойындары басталады. 11-ші ақпанға дейін жалғасатын бәсекеде 10 команда өнер көрсетеді.

Бүгін, алғашы ойын күні бес матч өтпек:

  • Грация KZ – Ақтөбе
  • Ару-Астана – Қарағанды
  • Ертіс – Алматы
  • Қуаныш – Berel
  • Жетісу – Тұран

«Ару-Астананың» бас бапкері Мейірбек Нұғұспановтың айтуынша, плей-офқа жолдама алу үшін елордалықтар екі команданы жеңу керек.

«Бізге 4-ші тур өте маңызды және команда ойынға дайын. Бүгін «Қарағанды» волейболшыларымен кездесеміз. Сондай-ақ алдымызда «Алматы», Павлодардың «Ертіс», Оралдың «Грация KZ» командаларына қарсы матчтар бар. «Ертіс» және «Грация KZ» волейболшыларын тізе бүктірсек плей-офқа жолдама аламыз».

Өткен 3 турдың қортындысы бойынша турнир кестесінде Талдықорғанның «Жетісу» ұжымы 58 ұпаймен бірінші сатыда келеді. Екінші орында қоржынында 55 ұпайы бар Өскеменнің «Berel» командасы тұр. Үздік үштікті 49 ұпаймен Петропавлдың «Қуаныш» клубы түйіндеді. «Ару-Астана» волейболшылары әзірге 8-ші орында орналасқан. Елордалықтардың еншісінде 14 ұпай бар.