30.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Металлург» Никита Михайлистің жалақысын қысқартуға ниетті

«Металлург» Никита Михайлистің жалақысын қысқартуға ниетті

Магнитогорскінің «Металлург» командасы Қазақстан құрамасының шабуылшысы Никита Михилиске жаңа келісімшарт ұсынбақ, деп хабарлайды Prosports.kz.

Магнитка форвардпен үш жылға келісім-шартқа отыруға дайын, бірақ сонымен бірге оның жалақысын қысқартуға ниетті.

Қазіргі уақытта Михаилистің тағы бір маусымға 80 миллион рубльге (шамамен 512 миллион теңге) келісімшарты бар.

Еске салайық, 2024/2025 жылғы Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында Никита 63 кездесуде 36 (12+24) ұпай жинаса, оған алты плей-офф кездесуінде тағы 3 (2+1) ұпай қосқан болатын.