02.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Мессидің клубы MLS плей-оффының 1/8 финалында жеңіліске ұшырады

Мессидің клубы MLS плей-оффының 1/8 финалында жеңіліске ұшырады

Нэшвилл MLS плей-оффының 1/8 финалында «Интер Майамиді» 2:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Нэшвиллдің шабуылшысы Сэм Сурридж 9-шы минутта есеп ашты. Қорғаушы Джошуа Бауэр 45-ші минутта екінші голды соқты. «Интер Майамидің» шабуылшысы Месси 90-шы минутта командасының жалғыз голын соқты.

Сериядағы есеп — 1:1. Қарсыластар арасындағы үшінші матч 9 қарашада өтеді.