16.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Месси жарақаттан кейін алғаш рет «Интер Майами» үшін алаңға шығуға жақын

Месси жарақаттан кейін алғаш рет «Интер Майами» үшін алаңға шығуға жақын

38 жастағы аргентиналық шабуылшы және «Интер Майамидің» капитаны Лионель Месси жарақатынан айығып, қайтадан ойынға қатысуға дайын, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы команда бас бапкері Хавьер Маскерано хабарлады.

Дереккөздің мәліметінше, Месси MLS-тің тұрақты чемпионаты аясында «Лос-Анджелес Гэлаксиға» қарсы өтетін ойында алаңға шығуы мүмкін. Кездесу Форт-Лодердейлде, Майами маңында, 16-нан 17 тамызға қараған түні өтеді.

Айта кетейік, Месси соңғы рет 2 тамызға қараған түні өткен Лигалар кубогының 2-турында «Некексаға» қарсы алаңға шыққан болатын. Ол кездесуде аргентиналық футболшы жарақат алып, 11-ші минутта ауыстырылған еді. Матч 2:2 есебімен аяқталып, кейін пенальти сериясында «Интер Майами» жеңіске жетті (5:4).