11.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Месси Супербоул финалынан кейін ерекше жарнамаға түсті

USA Today мәліметі бойынша, Лионель Месси НФЛ финалынан кейін эфирде көрсетілген Apple TV жаңа жарнамалық роликтің басты кейіпкері болды.

Маусымның шешуші матчында (10-шы ақпанда өткен) «Филадельфия» командасы «Канзас-Сити» командасын 40:22 есебімен жеңіске жетті.

Ойын аяқталғаннан кейін көрермендерге креативті жарнама ұсынылды. Аргентиналық аңыз американдық футбол добын меңгеру шеберлігін көрсетіп содан кейін қақпаға соққы жасайды.

Роликтің ерекшелігі экранда пайда болатын сөз ойыны болды: «When football ends fútbol begins» — мұндағы бірінші сөз американдық футболға қатысты. Ал екіншісі Месси өкілдік ететін спорт түріне қатысты (оны испан тілді елдерде соның ішінде Аргентинада осылай атайды).