20.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Месси ойын барысындағы голдар бойынша Роналдудан озып, жаңа рекорд орнатты

Месси ойын барысындағы голдар бойынша Роналдудан озып, жаңа рекорд орнатты

«Интер Майами» шабуылшысы Лионель Месси ойын барысында соғылған голдар саны бойынша жаңа рекорд орнатты — бұл туралы Championat.com хабарлайды.

МЛС-тегі «Нью-Йорк Ред Буллзге» қарсы 5:1 есебімен аяқталған ойында аргентиналық шабуылшы екі гол соғып, бір голдық пас берді — енді оның еншісінде пенальтиді есептемегенде 764 гол бар.

«Әл-Наср» ойыншысы Криштиану Роналду 763 ойын барысындағы голмен артта қалды. Жалпы статистикада португалиялық шабуылшы әлі де көш бастап тұр — 1281 ойында 938 гол, ал Мессиде 1114 ойында 874 гол бар.