22.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Месси MLS матчынан шеттетілуі мүмкін

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Месси MLS матчынан шеттетілуі мүмкін

АҚШ-тың MLS лигасында өнер көрсетіп жүрген аргентиналық жұлдыз Лионель Месси бір матчқа дисквалификациялануы мүмкін. Бұл туралы ESPN хабарлады.

Ережеге сәйкес, егер футболшы Жұлдыздар матчына қатысудан бас тартса және оның салмақты себебі болмаса, онда ол лигадағы келесі ойынды жіберіп алуға міндетті. Месси аталмыш матч алдындағы жаттығуға да қатыспағаны белгілі болды.

Айта кетейік, дәл осы себеппен 2018 жылы Златан Ибрагимович те MLS-та бір матчқа шеттетілген болатын. Енді лига Мессидің жағдайын жеке қарастырып, шешім қабылдайды.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!