Оқу уақыты: 1 мин

Месси мен Роналдудың клубтары бір тәулікте Чемпиондар лигаларынан шығып қалды

Месси Интер

Футбол әлемінің қос жұлдызы Лионель Месси мен Криштиану Роналду ойнайтын клубтар өз конфедерацияларының Чемпиондар лигаларының жартылай финал сатысында бәсекені аяқтады, деп хабарлады Sport12.kz

Лионель Месси өнер көрсететін АҚШ-тың «Интер Майами» клубы 30 сәуірден 1 мамырға қараған түні КОНКАКАФ Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы жауапты ойында канадалық «Ванкувер Уайткэпс» командасына 1:3 есебімен жол беріп, турнирден тыс қалды (алғашқы матч – 0:2).

Сол күні сәл ертерек, 30 сәуір кешінде, Криштиану Роналдуның Сауд Арабиясындағы «Әл-Наср» командасы АФК Чемпиондар лигасының жартылай финалында жапондық «Кавасаки Фронталеге» 2:3 есебімен есе жіберіп, финалға шыға алмады.

Айта кетейік, 37 жастағы Месси мен 40 жастағы Роналду да өз командаларында толық 90 минут доп тепті.