26.09.2024
Оқу уақыты: 1 мин

Месси мансабын туған жері Аргентиналық клубта аяқтағысы келеді

Месси мансабын туған жері Аргентиналық клубта аяқтағысы келеді

**AS** басылымы жариялаған ақпаратқа сәйкес, Лионель Месси өзінің футбол мансабын туған жері Аргентинадағы «Ньюэллс Олд Бойз» клубында аяқтауды қарастыруда. Қазіргі уақытта Месси «Интер Майами» командасының сапында ойнап жүр, бірақ оның келісімі 2025 жылдың соңында аяқталады. Дереккөздер мәліметі бойынша, Месси сол кезде мансабын тоқтатуды емес, керісінше, өзінің алғашқы клубы «Ньюэллс Олд Бойзға» оралуға ниеттеніп отыр.

Аргентина құрамасының капитаны бұл идеяны бұған дейін де білдірген болатын. 2016 жылы Месси мансабының соңында туған еліне қайтып, футболдағы алғашқы клубына қайта оралғысы келетінін айтқан. Енді бұл арман шындыққа айналуы мүмкін.