27.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Месси Дембелені «Алтын доп» алуымен бірінші құттықтады

Месси Дембелені «Алтын доп» алуымен бірінші құттықтады

OneFootball мәлімдегендей, Усман Дембеле France Football-дың маусымның үздік футболшысына берілетін беделді марапаты — «Алтын доптың» иегері атанды.

«ПСЖ»-дің француз қанатшысы L’Équipe-ке берген сұхбатында алғашқы құттықтауды 2017-2021 жылдары бірге ойнаған «Барселонадағы» бұрынғы серіктесі Лионель Мессиден алғанын айтты.

««Алтын доппен» мені бірінші кім құттықтады? Лионель Месси. Ол маған жеке хабарлама жіберді», — деді Дембеле.

«Ұлы Ус! Құттықтаймын, сен үшін қатты қуаныштымын. Сен бұған лайықтысың!» — деп жазды Месси өз хабарламасында.