07.12.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Месси бастаған «Интер Майами» тарихта алғаш рет MLS чемпионы атанды

Месси бастаған «Интер Майами» тарихта алғаш рет MLS чемпионы атанды

2025 жылғы MLS финалында «Интер Майами» мен «Ванкувер Уайткэпс» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч Форт-Лодердейлдегі DRV PGK стадионында өтті. Лионель Месси ойнайтын «Интер Майами» командасы 3-1 есебімен жеңіске жетті.

Месси толық 90 минут ойнап, екі нәтижелі пас берді.

MLS плей-офф жартылай финалында «Интер Майами» «Нью-Йорк Сити ФК» командасын 5-1 есебімен жеңді. «Ванкувер Уайткэпс» «Сан-Диего ФК» командасын жарыс жолынан шығарды.

Бұл «Интер Майамидің» MLS кубогындағы алғашқы жеңісі.