Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Месси «Барселонаға» оралуды жоспарлап отырған жоқ

Месси «Барселонаға» оралуды жоспарлап отырған жоқ

«Интер Майами» клубының шабуылшысы Лионель Месси «Барселонаға» оралғысы келмейді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Sport.es дереккөзінің хабарлауынша, Месси қазіргі уақытта каталондық клуб басшылығымен қарым-қатынасы қиын болғандықтан, «Барселонаға» еш қатысы жоқ. Айта кетейік, аргентиналық «Барселона» сапында матчқа қатысуды жоспарлап отырған жоқ.

Месси «Интер Майамиде» 2023 жылдың жазынан бері ойнайды. Осы кезеңде ол барлық турнирлерде 49 матчқа қатысып, 42 гол соғып, 21 нәтижелі пас берді. Футболшының клубпен келісімшарт мерзімі 2025 жылдың соңына дейін.

Transfermarkt порталында берілген ақпаратқа сәйкес, футболшының құны 20 миллион еуро.