30.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Месси әлемдік клубтық чемпионатта бір-ақ гол соқты

Месси әлемдік клубтық чемпионатта бір-ақ гол соқты

Лионель Месси әлемдік клубтық чемпионатта қарапайым нәтиже көрсетті — аргентиналық шабуылшы тек бір рет қана гол соқты.

Бүгінгі ПСЖ-ге қарсы ойында Интер Майами шабуылшысы қарсыластар қақпасына гол соға алмады — оның командасы 0:4 есебімен ірі жеңіліс тауып, турнирден шығып қалды.

Мессидің турнирдегі жалғыз голы Портуға қарсы ойында болды — сол кезде аргентиналық айып добын сәтті орындады. Әл-Ахли мен Палмейрасқа қарсы ойындарда да шабуылшы гол соға алмады.