11.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Мэнни Пакьяо WBC рейтингінде көш бастады

Мэнни Пакьяо WBC рейтингінде көш бастады

Сегіз салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы әлем чемпионы филиппиндік Мэнни Пакьяо WBC нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы рейтингте көш бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай орта салмақтың титулы Пакьяо 20 шілдеде жекпе-жек өткізген Марио Барриосқа тиесілі.

Еске салайық, Пакьяо мен Барриос арасындағы жекпе-жек Лас-Вегаста өтіп, барлық 12 раундқа созылды.

Боксшылар арасындағы текетірес тең нәтижемен аяқталды.